Бүгін Таразда облыстық прокуратураның бастамасымен «Бизнесті қорғау» форумы өтті. Оған облыс әкімі, жергілікті мемлекеттік орган басшылары мен кәсіпкерлер, инвесторлар қатысты.
Жиналғандар аймақтағы бизнес қауымдастығы құқығының қорғалуы, облысқа әлеуетті инвесторлар тарту және салық төлеу тәртібі тақырыбын талқылады. Прокуратураның мәліметінше өткен жылы аймақтың 4 мыңнан астам кәсіпкерінің құқығы қорғалған.