Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек адамдары қоғамда әрдайым зор құрметке ие болуы тиіс. Аймақта ғұмырын бір салаға арнап, өз ісінің шебері атанған азаматтар жетерлік. Соның бірі, Шу ауданының тұрғыны Мейірбек Жотабаев. Шағын ауылдағы көлік жөндеуші әмбебап маман.