«Таза Қазақстан» бастамасы тиімділігін көрсетті. Премьер-министр Олжас Бектенов жалпыхалықтық акцияға осындай баға берді. Бүгін Үкіметте экоакция асында атқарылған жұмыстар пысықталды. 1,5 миллоннан аса ағаш отырғызылған. 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Ал, қоқыс үйінділерін тазартпаған 164 лауазымды әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.