Тұрар Рысқұлов ауданында 35 медициналық мекеме жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық базасы 92%-ға жаңартылған. Өткен жылы аудандағы Қайыңды, Қорағатыда елді-мекендерінде жаңа медициналық мекеме халық игілігіне пайдалануға берілген еді. Ал күні кеше Ақбұлақ ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы өтті.