Жамбыл облысындағы өзен-көлдерден келер қауіп жоқ. Анығы, су тасқыны бола қалған жағдайда, әзірлік ойдағыдай. Сала мамандары осылай деп отыр. Әйтсе де, ішінара бақылауға алынатын жайттар баршылық. Төтеннен болатын тосын жайттарға тойтарыс беруге сақадай сай болу қажет. Аппараттың кезекті мәжілісінде су тасқыны кезеңіне дайындық іс-шаралары пысықталды.

Сондай-АҚ, жауаптылардан жылыту маусымының өту барысы сұралды. Қытымыр қыс алда, саршұнақ аязда жылу жүйелері сыр беріп, қазандық қатып қалмауы керек. Облыс әкімі аталған мәселелердің маңыздылығын ескертіп, құзырлы мекеме басшылары мен аудан әкімдеріне қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.