Өңірдегі ең алғашқы кәсіпорын 1934 жылы іске қосылған. Яғни Меркідегі «Меркі қант зауыты» облыс құрылмай жатып, жұмыс істеген. Сол кездің өзінде өндіріс ошағы тәулігіне 2 мың центнер өнім өндірген. Тоқырау жылдарында зауыт қайта жөндеуден өтіп, қондырғылар жаңарған.
Енді 85 жылда өңір экономикасы айтарлықтай өсті. Түрлі кәсіпорындар бой көтерді. Ал, бүгінде сол өндіріс ошақтары өз өнімдерін шет елдерге экспорттап, облыс атын шығаруда. Осылайша аймақ бренді қалыптасты.