Халықтың аманатын арқалаған– Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл – 30 жыл толды. Осы аралықта билік пен бұқараны байланыстырып, мемлекетіміздің дамуына өзіндікк үлес қосып жүрген институттың қоғамдағы алар орны ерекше. Таразда атаулы датаға орай, салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев халық қалаулыларын құттықтады, осы салада еңбек сіңірген, қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.