Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысқан Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев аграрлық саланы дамыта түсу кезек күттірмейтін іс екендігін атап айтты. Егінмен қатар, мал шаруашылығына да баса назар аудару қажет,-деген ол шаруашылықтың шырайын кіргізіп жатқан шаруалар жұмыстарын жетілдіре түсетіндеріне сенім білдірді.

Бүгінде, елімізде етпен қатар ұлттық сусынымызға да ден қойып, жұмысын жандандырып жатқандар жетерлік.