Туризм- экономикалық һәм экологиялық тұрғыда тиімді саланың бірі. Ол арқылы экономиканы көтеріп, әлеуметтің әл ауқатын жақсартуға болады.

Туризмді түлетуге Таразда да мүмкіндік мол. Оны дамыту жолында кезекті ақпараттық тур өтті. Оған шетелден келген туристік компания өкілдері қатысты. Өңірдің тарихи және көрікті жерлерімен танысқан олар біздің аймаққа өз елінен саяхатшылар шақыруға ниетті екендіктерін жеткізді.