Жамбыл облысында 6 білім нысанының құрылысы сотпен тоқтатылды. Жұмысы жарты жолда тоқтап тұрған мұндай жағдайлар денсаулық, спорт пен тұрғын үй құрылысында да бар. Осының салдарынан аймақта биыл миллиардтаған теңге игерілмей қалуы мүмкін.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қомақты қаражат бөлінсе де, шаруаның шикі болуына не себеп? Жауапсыз мердігерлерге қандай шара қолданылмақ? Мәселенің мән-жайы бүгін аппараттың кезекті кеңесінде қаралды. Тиісті басқарма басшысы құрылыс саласындағы қазіргі жайттарды баяндады.