Бүгін – «Жамбыл» телеарнасының алғаш эфирге шыққан күні. Осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни, 1989 жылдың бірінші қарашасында өңірлік телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – 86-дағы Желтоқсан оқиғасынан кейінгі облыс жылнамасындағы жарқын беттердің бірі болды. 21 жыл үзілістен кейін Жамбыл теледидары республика көлемінде электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым бүгінде заман көшінен қалмай дамып келеді.