Таразда ауыл әкімдерінің форумы өтті. Бас партияның бастамасымен аймақтық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиында ауыл-аймақтың әл-ауқатын көтеру мәселелері талқыланды.
Жиынға өңірдегі 150ге жуық елді мекенНің тізгінін ұстаған азаматтар қатысты. Форумның пленарлық отырысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін тетіктер талқыға түсті.