Автокөлік қоятын тұрақ тапшы. Ал, сәл қиыс қойсаңыз полицейлер айыппұл салып, жазалайды. Осындай тығырыққа тірелген тұрғындар телеарна тілшілеріне шағымын жеткізді. Соңғы жылдары қалада көлік көбейгенімен, тұрақтар кеңеймеген. Керісінше, тас бордюрлер арқылы жолжиектерді тарылтып тастаған.