Бүгін елімізде ең ұзын көпір ашылды. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының екі жағасын жалғайтын нысанды жергілікті жұрт 60 жылдан астам күтті. Сондықтан Күршім, Зайсан, Марқакөл секілді аудан тұрғындарының қуаныштында шек жоқ. Өйткені осы уақытқа дейін пароммен жүріп, әбден азапқа түскен еді. 2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпір салуға тапсырма берген болатын. Бүгін көптен күткен нысанды Үкімет басшысы Олжас Бектенов ашып берді.