Мектеп оқушыларына дұрыс кәсіби бағдар беру – олардың келешекте кедергісіз жұмысқа орналасуының негізгі тетігі. Сондықтан бұл іске басты назар аударған маңызды. Мұғалімдер мен оқытушылардың осы бағыттағы жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық семинар өтті.

Іс-шараға Тараз қаласы мен аудандардан 500-ге жуық педагог қатысты. Білім беру ұйымдарының өкілдері сала мамандарының пікірін тыңдап, біліктілігін шыңдады.