19 қазан- Құтқарушылар күні. 1995 жылы елімізде Төтенше жағдайлар комитеті құрылып, осы күн арнайы белгіленген еді. Содан бері адам өмірінің арашасы болып жүрген сала мамандарының кәсіби мерекесі ретінде тойланып келеді. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты. Тараз қаласының орталық алаңында мерекелік іс-шара өтіп, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Сондай-ақ, құтқарушыларға облыс әкімдігі тарапынан 3 автокөліктің кілті табысталды.