«Ізгіліктің дәнін сеуіп қадамына шәкірттің, ең ұлық іс не десеңіз, бала оқыту мен ұқтым». Саналы ғұмырын ағартушылық қызметке арнаған ұлағатты ұстаз Мейрамкүл Айнабекованың өмірлік ұстанымы бұл. 40 жыл бойы талай түлекті білім нәрімен сусындатып, қанат қақтырған оның еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан әрдайым жоғары бағаға ие.

Осы уақыт аралығында төккен тер, еткен еңбегін саралаған шығармашылық есеп беру кешінде аяулы ұстазға құрмет көрсетіліп, тағы бір төсбелгіні тақты.