«Мәдениет – асыл қазынам». Осындай атаумен өткен Таластағы іс шара тек мәдени бағытпен шектелген жоқ. Өңірдің әлеметтік экономикалық даму жолдары да айтылды, аудан тынысы, сан саланың қыруар жұмысы қамтылды.

Аймақтың 85 жылдығына орай өткен мәдени іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысты. Сән-салтанаты жарасқан өлкенің өнер кешінде ән әуелеп, күй күмбірледі.