2024 жылы - азаматтық қорғау органдарына 29 жыл толады. 1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілеттік берілген орталық атқарушы орган ретінде құрылды. Дәл осы күн азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі-Құтқарушылар күні болып бекітілді.