Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Кәсіпкерлікті дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп атап өтті. Расында да шағын және орта кәсіпкерлік – ел дамуының негізі. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кәсіпке ұмтылғандар жыл сайын артып, арнайы бағдарламалардың игілігін көріп келеді. Мәселен: ауданда бизнеске бет бұрғандарға 1 476 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілуде. Мемлекет қамқорлығын сезініп, алған қаражатқа сабын шығара бастаған ауыл тұрғындарының бірі Бағлан Садығұлов.