Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барып, өңір тынысымен, бірқатар нысанның жұмысымен танысты. Өңір басшысы Қарасаз ауылына ат басын бұрып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді.