Еліміздегі ірі компанияның бірі “Еурохим” 2027 химиялық кешенді іске қоспақ. Жаңа кешен 5 түрлі өнім шығаруды жоспарлап отыр. Зауыттағы жаңа бағыт – өңір экономикасына серпін беріп, жұмыс орындарын ашып, халықтың әл ауқатын оңалтуға сеп болады деген сенім бар.
Бұл туралы Сарысу ауданында БАҚ өкілдері арасында өткен республикалық баспасөз-турында айтылды. Баспасөз-турына еліміздің түкпір-түкпірінен келген беделді басылымдар, сайттар мен телеарналар қатысты.