Облыс аумағындағы 163 полигонда жинақталған тұрмыстық қалдықтардың көлемі қазір 3 млн. 200 мың тоннаға жетті. Күл-қоқыстың экологияға зиян келтірмеуі үшін атқарушы билік тарапынан тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Атап айтқанда, коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Аппараттың кезекті отырысында осы бағыттағы аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Осы проблемаға бей-жай қарап отырған аудан басшылары мен жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.