Өңіріміздің экономикасы дамып келеді. Соған сәйкесінше, халықтың жағдайы жақсарып, демографиялық ахуал да арта түскен.
Бүгін Таразда 30-ға жуық көпбалалы анаға «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды. Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.