Білім саласында да ерекше жандарға жол ашылып, қамқорлық жасалып келеді. Соның бір жағласы ретінде бүгін Тараз өңірлік университетінде Тифломузей жобасы ашылды. Онда көзі нашар көретін жандарға ортағасырлық тарихқа саяхат жасауына мүмкіндік туып отыр. Яғни музейге келген мүмкіндігі шектеулі азамат жәдігерге жанындағы QR-кодты смартфонына енгізу арқылы толыққанды ақпарат алады.