Елімізде салынатын Атом электр станциясының құрылысы қазір басталмайды. Оған кем дегенде бір жарым жыл уақыт керек. Өйткені, Үкімет нысанды салып бастау үшін алдымен бірқатар құжат дайындау тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Ол АЭС-тің құрылысына орташа алғанда 10 жылға дейін созылу ықтимал екенін жеткізді. Консорциум құрамында 5 мемлекет болады. Оның құрылуы мен құрамына қатысты шешім келесі жылы қабылданатынын айтты.