2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау және қадағалау енгізілді. Сандық таңбалау жүйесін енгізу сапалы медициналық көмекке қол жеткізуді және жалған әректетерден қорғауды қамтамасыз етуге жасалған қадам болып табылады.
Бірақ Жамбыл облысындағы дәріханалар дәрі-дәрмектің жаңа таңбалануына көшуге дайын ба? Бұл мәселе облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұйымдастырған жиын барысында сөз болды.