Айналыңыздан қоқыс пен қалдық көрсеңіз, жол мен саябақтың санитарлық жағдайына көңіліңіз толмаса, енді арнайы телеграм-ботқа жүгіне аласыз. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа @tazaQazBot чатын іске қосты. Жаңа жоба арқылы енді кез келген экологиялық мәселелерді жылдам шешуге болады.