Негізгі Жаңалықтар Су шаруашылығы мамандары Таразда дайындалады

Су шаруашылығы мамандары Таразда дайындалады

Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласындағы маман тапшылығын жоюға мықтап кірісті. Оның айқын көрінісі су шаруашылығы және ирригация университетінің құрылуы. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Осыған орай, бүгін Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен семинар өтті.


Бөлісу