Кезінде 1000-ға тарта адамды жұмыспен қамтып, ЭКСПО-дағы ірі нысандардың қаңқасын құрастырған, «Жамбыл металлоконструкция зауыты» құлдырап барады. Себебі онда тапсырыс көлемі күрт азайып кеткен. Нәтижесінде бүгінде мұнда 200 ден сәл ғана асатын адам еңбек етуде. Кәсіпорын басшысы да жұмыстың жиі тоқтап тұратынын жоққа шығармайды.