Таразда БАҚ өкілдері арасында Мұса Рахманбердиевті еске алуға арналған дәстүрлі бильярд турнирі өтті. Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл телеарнасы ұйытқы болған додаға журналистика саласының өкілдері мен ардагерлері қатысты.

Биылғы додада жылдағыдай ардагерлер бөлек топта, жастар бөлек топта сайысқа түсті. Әрине ішінен іріклеліп үздіктері анықталды.