Жуалы ауданында жаңа кәсіпорындар бой көтеруде. Осылайша кәсіпкерлер ауданды азық-түлікпен және тұрғындарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.

Аталған бағыттағы жұмыстарға «Ауыл аманаты» жобасы да сеп болып отыр. Биыл аудандағы бірнеше елді мекен тұрғындары кәсіпкерлік бағытта жеңілдетілген несие алып, түрлі кәсіп көзін ашпақ.