Таластық тұрғындар Талас өзеніне қашан су келеді деп алаңдайды? Егін, мал шаруашылығына тұтынып отырған арнаның бүгінде аңқасы кеуіп, шаңы шығып жатқан көрінеді. Ауданда біраз ауыл ауыз суға да жарымай отыр. Ұялы байланыстың да жыры бітер емес.

Таластағы түйткілдерге әкімі Нұрбол Жүнісбеков жауап беруі керек болған. Бірақ, брифингке орынбасары келді. Бірқатар сұрақтарға жауап берді.