Тараз қаласындағы кейбір құрылыс нысандары күмәнді. Нақтырақ айтқанда, жобалау жоспары бекітілген құжаттарға сай келмейді. Мұндай фактіні халық қалаулылары анықтап отыр.

Жаңадан салынып жатқан шағын аудандардағы әлеуметтік нысандардың кейбірін тапсырыс берушілердің өздері жөнді білмейді. Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар сала мамандарын сауалмен төпелеп, нақты жауап алуға тырысты.