Биыл Жамбыл ауданында екі мектептің құрылысы басталды. Бәйтерек ауылында 100 орындық және Шайдана ауылында 150 орындық. Сонымен қатар, Шайқорық ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық білім ошағының да құрылыс жұмыстары бастау алмақ. Сонымен қатар, ауданға қарасты 39 білім беру мекемесінде жаңа оқу жылына дайындық шаралары басталды.