Жылға жетпей шұрқ тесікке айналатын жолдың жыры Жамбылда әлі де өзекті. Күн жылынса басталатын жол жөндеу жұмыстарынан жұртшылық әбден зәрезап болған. Енді өз жұмысын сапасыз атқарған мердігерлер нарықтан ығыстырылады. Ісі салғырт компанияларды бірден сотқа беру міндеттелді.
Кезекті аппарат отырысында аймақ басшысы біздегі осы бағыттағы қысы-жазы бітпейтін тірлікті сынға алды. Құбыр ауыстыру жұмыстарына соң қайта салынатын жолдың сапасы қатаң бақылауда болу керектігін тапсырды.