Елімізде жастарды кітапқұмарлыққа баулып, ұлт болашағына оң ықпал ету бағытында жұмыстар атқарылуда. Президент Үкіметке осы бағытта жұмыстарды жандандыруды тапсырған болатын.

Осы орайда Жамбыл облысындағы кітапханаларда қаламгерлермен түрлі кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Кезекті кездесу журналист, балалар жазушысы Марат Құлибайұлының шығармашылығына арналды.