Қазақтың жылқысына қолдау керек. Әйтпесе кейбір Қамбар ата тұқымдары жойылып кетуі мұмкін.

Негізінен спорттық бағыттағы асыл тұқымды жылқылар жойылып кетпес үшін депутаттар бастама көтерген. Нәтижесінде мәжілісте жаңа заң қабылданып, жылқыны қолдау мен қорғау бағытындағы жұмыстар жүйеленетін болды.