Соңғы жылдары елімізде төрт түлікті асылдандыру ісіне үлкен мән беріліп келеді. Мәселен, Меркі ауданында асыл тұқымды мал ұстап, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруашылықтың бірі «Бахор» шаруа қожалығы.

Андас батыр ауылында орналасқан кооператив бірнеше жылдан бері сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырларды өсіріп келеді. 20 адамды жұмыспен қамтып отырған ұжымшар еліміздің экономикасына өзіндік үлес қосуда.