«Ел болып оқимыз» жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданында, ақын Шырын Мамасерікованың шығармашылығына арналған «Өлеңімнің әр жолы- өмірбаян» атты кездесу кеші өтті. Оны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырды.

Сондай- ақ, осы рухани кеш аясында облыс әкімінің қолдауымен оқырманға жол тарқан «Елге деген махаббат» жыр жинағының тұсау кесер рәсім де өтті.