Дарынды оқушылар ауыл мектептерінде де бар. Олардың арасында қарым-қабілеті жоғары жасөспірімдерге зияткерлік және кәсіби бағдар беру –жалпыға ортақ міндет.

Осы орайда Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында орналасқан №15 Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің базасында алғаш рет ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары олипиадасы ұйымдастырылды. Оған білімділігімен көзге түскен кіл мықтылар қатысты.