Жамбыл жері таланттарға толы өлке. Облысымыздан түлеп ұшқан даңқты спортшы, ғұлама ғалым, күміс көмей әншілер де көп. Соның бірі елімізге танымал композитор Әуезхан Салабеков.
Сазгердің қазақ елі сүйіп тыңдайтын әндері де аз емес. Бүгін дәл осы жерлесіміздің атындағы «Сәлем саған, туған жер!» атты облыстық ән байқауы өтті.