Жерді тиімді пайдалану керек! Облыстағы жерге жауапты басқарма басшысы өңірлік коммуникациялар алаңында 10 айлық есебін берді. Ермек Карентаевтың есебінде, бос жатқан жерлерді игеру, пайдаға аспаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару тұрғысында біраз мәліметтер айтылды.

Мәселен, облыста 8,1 млн. гектар жайылым жер болса, оның 3,6 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. 740,0 мың гектар елді мекен жайылымы.