Облыс орталығында екінші халықаралық қолөнершілер көрмесі өтуде. Онда 8 мемлекеттен келген шеберлер өз жұмыстарын таныстырып жатыр. Жаһандық деңгейде танылған қолөнершілердің бұйымдары мен сәндік заттары, басқа да тамаша туындылары келушілерді таңдай қақтыруда.

Мұндай ауқымды шара өңіріміздің туристік әлеуетін асқақтата түсуде. Ал бұған дейін осы фестивальге қатысқандар, осы жолы келген қонақтар мен меймандардың саны еселене түскенін айтады. Фестиваль аясында Қолөнершілер байқауы, концерттік бағдарлама, экскурсиялық турлар ұйымдастырылмақ.