«Әскерге бару – азаматтық міндетім» - дәл осындай атаумен Таразда әскери акция өтті. Оның аясында отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған сарбаздарды шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек акция барысында мектеп оқушылары саптық шеруден өзара бақ сынасты.