Агро салаға артылған жауапкершілік зор. Себебі бұл сектор экономиканың драйвері болуы тиіс. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек бір топ осы саланың ардагерлерімен кездесіп, ауыл шаруашылығының дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Онда атқарылған жұмыстар жөнінде айтылып, оны дамыту жолдары қаралды.