Ауыл-аймақтың ажарын аша түсуде іс жүзіне асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аз емес. Соның бірі – «Ауыл ел-бесігі». Талас ауданында осы бағдарлама аясында бірнеше нысандар салынып, ел игілігіне беріліп отыр. Әсіресе, бұқаралық спортты дамыту үшін қолға алынып жатқан нысандардан бөлек жолдар да жөнделіп, жарықпен қамтамасыз етілуде.