Елімізде кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекет қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе қайтарымсыз грант – талай тұрғынның өз ісін бастауына жол ашты. Бұл – 400 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат. Өткен жылы Жамбыл облысында мыңнан астам азамат осындай грантқа ие болды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.