Жамбыл облысы мемлекеттік секторды басқаруда жобалық тәсілді қолданудың Ұлттық рейтингінде тұрақты түрде бірінші орында тұр. Сондай-ақ өңірімізде мемлекеттік секторда жобалық басқару қағидаттары енгізілді. Бірінші жартыжылдықта осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы өңірдің жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Гүлпара Тәшенова айтып берді.