Парламент депутаттарының аймақтарға сапары күнделікті жалғасуда. Елді аралап, жағдайды саралап, көптің пікірін тыңдаған халық қалаулылары мәселені шешуге, сөзден іске көшуге дайынбыз дейді. Таразда бірқатар кездесу өткізген мәжілісмен Олжас Құспеков төтеншеліктердің тыныс тіршілігімен танысты. Одан соң бизнесмендермен кездесіп, пікір алысты.